Саран қаласында туристік қызмет туралы ақпарат

Саран қаласы облыстық маңызы бар қала болып табылады, агломерация ядросынан тұратын (Қарағанды және Теміртау қалалары) жоспарлы экономика кезеңінде құрылған және шағын және орта қалалар мен поселкелердің біркелкі құрылған жүйе ядросына географиялық жататын Қарағанды қалалық агломерацияның урбандалған аймағында орналасқан.


Қала облыстық орталық – Қарағанды қаласынан оңтүстік батыста 15ш. және республика астанасы - Астана қаласынан 222ш. орналасқан. Қала жартылай жазықтық шегінде тұрған шұғыл континенттік климатты аймақта орналасқан. Қала аумағы Орталық Қазақстанның тұрғылы жазығына жатады. Жер бетінің негізгі бөлігі жайпақ иірімді немесе шамалы адырлы жазықтықты болып келеді. Жер бедерінің жалпы бейнесінде осы аймақтан 37 м. жоғары, солтүстік-батыста Бордан шоқысы ерекшеленеді. Батыстан соқыр өзені ағып өтеді. Соқыр өзеніне оңтүстік жағалаудан ең ірі Қарағанды өзені құяды. Қарағанды өзені Оспан төбесінен бастау алады. Өзеннің ұзындығы 42 шақырым.

Қала аумағын негізінен қарақоңыр каштанды, шабындықты-қызыл қоңыр, шабындықты-сазды топырақтар, тұзды және сортаң жерлер алып жатыр. Өсімдіктердің негізгі түрі: ақселеу-жусанды.
Құрлымы жағынан, қала Қарағанды синклинінің солтүстік-батыс қанатында орналасқан. Оның геологиялық құрылысында палеозой, үштік, төрттік қабаттағы жыныстар бар. Төменгі карбоның ізбесті-тақтатас қабаты-учаскедегі ең ежелгі қабат. Пайдалы казбалар: тас көмір, шой тас, керамикалық саздар, құмды-қиыршық қоспалар, ізбес тастар, керамзитті саздар.


Саран қаласының аумағы 161 ш. км құрайды, облыстық орталық Қарағанды қаласының әкімшілік аумағымен және Бұқар-Жырау ауданы аумағымен шекараласады. Әкімшілік аумақ құрамына Ақтас поселкесі кіреді. Халықтың саны, соның ішінде Ақтас поселкесін санағанда 51 092 адам құрайды, экономикалық белсенді халықтың саны – 27 653 адам.
Қаланың аумағынан:
- республикалық маңызы бар «Қызылорда - Павлодар» (8 км) автожол учаскесі,
- облыстық маңызы бар «Қарағанды – Саран - Шахтинск» (5 км)  жол учаскесі өтеді.


Саран қаласының аумағы бойынша жолдың жалпы ұзындығы 78 км құрайды, оның ішінен 74 км жергілікті маңызы бар жол және 4 км облыстық маңызы бар жол. Жолдың қалыңдығы орташа және кв. кмге 0,37 км құрайды.
Жолдың асфальтбетонды жабынының меншікті салмағы 58,1% (43 км) құрайды, қиыршықты-ұсақ тас жабыны 21,6% (16 км), құмайт жол 20,3% (15 км) құрайды.
Жодардың техникалық жағдайы келесідей сипатталады:  58,1% жол жақсы және қанағаттандыралық жағдайда, 41,9 % қанағатандыралықсыз жағдайда.
Жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен жолдары орташа жөндеу және қалпында ұстау өтуде.


Солтүстік өнеркәсіптік аймақта «Соқыр» теміржол станциясы және «ҚазақстанТемірЖолы» АҚ Қарағанды бөлімшесінің теміржол жолдары, «Қарағандырезинотехника» ЖШС, «Есеп» ЖШС, «Хром-Т» ЖШС теміржолдары орналасқан.
Оңтүстік өнеркәсіп аймақтан теміржол өтеді және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті Қарағанды тасмалдаушы –көліктік басқармасының «Уголная» станциясы орналасқан, сонымен қатар қала кәсіпорындары – контрагенттерінің бірқатар жанасқан жолдар және теміржол тұйығы: «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Саран нанкомбинаты» ЖШС, «Евромет» ЖШС,  «Энергия» фирмасы ЖШС.


Қаладағы байланыс қызметтерді «Қазақтелеком» АҚ Саран телекоммуникация торабы және Саран пошта байланыс торабы көрсетеді. Қалада сиымдылығы 12426 нөмерлері қолданылған 17 телефон станциясы жұмыс істейді.
Қалада әлеуметтік саланың дамуына үлкен назар аударады: барлық мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істейді және дамуда. Қаланың мәдениет саласы  - екі Мәдениет үйі, екі өнер мектебі, балалар-жастар орталығы.
Саран қаласында орталықтандырылған кітапхана жүйесіне біріктірілген қаланың 5 кітапханасы жұмыс істейді

.
Қалада, оны безендіретін алаң, саябақтар, ескерткіштер мен мүсіндер бар: В.И. Ленинге арналған ескерткіш, Жауынгерлік Даңқ обелискі, Аркадий Гайдар мүсіні, Жеңіс обелискі, В.В. Маяковскийге арналған ескерткіш, А.С. Пушкин мүсіні, Ж. Жабаев мүсіні, құрбан болған кеншілерге арналған ескерткіш. Байтам поселкесінің өндірістік аймағында Өтепов Игілік Бай Мазары (XIX ғас.) орналасқан.


Қалада балалар-жастар спорт мектепбі, 10 жасөспірімдер клубы жұмыс істейді. 80 имарат бар, оның ішінде қалалық стадион, спорттық кешен, екі спорт манеждері, жабық жүзу бассейні, 18 спорт зал, 4 ату тирі, 3 теннистік және 2 хоккей корттары, 9 жанаса салынған спорт залы, 38 бірлік жазық спорт ғимараттар кіреді (алаңқайлар, алаң, трассалар).
Аймақта туризмді дамытудың негізгі бағыты спорт туризмі болып табылады (жаяу туризм, спорттық бағдарлау).


2007 жылдан № 6 ОЖББМ базасында 38 адамнан астам шұғылданатын  туризмнің спорттық түрі бойынша «Достар» секциясы жұмыс істейді (жаяу туризм, құзға шығу, спорттық бағдарлау). Секцияның спортшылары жыл сайын спорттық туризм және туристтік көпсайыс бойынша жарыстарға қатысады.


Саран қаласының жол бойындағы инфрақұрылымы: 1 объект ЖЖМ және 1 объект ТҚС. Қаланың аумағында қоғамдық тамақтану 36 объекті, оның ішінде 13 кафе және 6 бар орналасқан. Ақтас поселкесінің аумағында уақытша тұру қызметтерді көрсететін орындарға мотель бар.
  Қазақстан Республикасында және шет елдерде белсенді және пассивті демалу қызметтерін ұсынатын бір туристік агенттік ашылды.

Дата cоздания: 25 Желтоқсан 2017 15:06
Дата редактирования: 25 Желтоқсан 2017 15:17
Послание Президента РК
Мемлекеттік рәміздер
Дауыс беру
Сайтты ақпаратты тиімділігіне қарай бағалаңыз?
Архив
Валюта бағамы
USD
384.05
EUR
432.79
RUB
5.96
Ауа райы
В Сарани
19°C