Нысандар

Жауынгер даңқы ескерткіші. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында кеңес халқының жеңісіне 40 жыл толуына орай Жауынгер Даңқы Ескерткіші қойылды. 1985 жылы 9 мамырда салтанатты ашылуы болды. Жұмысшылар көшесі бойындағы жаңа ықшам аудан алаңында орналасқан. Ескерткіштің авторы  Анатолий Александрович Тимофеев.


 



Жеңіс ескерткіші. Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісіне 30 жыл толуына орай қойылды. Авторлары сәулетші И.М. Бородин және суретші, суретшілер кеңесінің мүшесі Владимир  Кузьмич Ворохобин.




Қазақтың халық ақыны - Жамбыл Жабаев ескерткіші, Жамбыл көшесі бойына 1973 жылы ақынның туғанына 125 жыл толуына орай қойылды. Авторы – А.П. Янц. Бетоннан жасалған, биіктігі - 7,5 м.




Орыс жазушысы, жаңа орыс әдебиетінің негізін салушы Александр Сергеевич Пушкиннің ескерткіші № 4 мектеп скверіне, жазушының туғанына 157 жыл толуына орайқойылды. АвторыА.П. Янц 




Аркадий Гайдар ескерткіші – совет жазушысы. 1972 жылы жазушының туғанына 68 жыл толуына орай және пионер дружинасына А. Гайдардың атын беру құрметіне орай мектеп-интернат аумағына қойылды.

Владимир Владимирович Маяковскийдің ескерткіші – совет ақыны.  Маяковскийдің мінбеде сөйлеп тұрған сәті бейнеленген. Авторы белгісіз, 1961 жылы ақтас поселкесі «Ақтас» шахтасының Мәдениет үйі алаңын безендіру үшін қойылған.

Владимир Ильич Лениннің ескерткіші. 1970 жылы туғанына 100 жыл толуына орай әскери бөлімнің аумағына қойылған. Лениннің мінбеде сөйлеп тұрған сәті бейнеленген. Бетоннан жасалған, биіктігі 3 м.




Игілік бай Өтеповтің мазары. Бұл нысан тарих және сәулет ескерткіші болып табылады және тарихымыздағы көрнекі тұлға ретінде мемлекеттік қорғауға алынған. Саран қаласының өндірістік зонасында орналасқан («Байтам» БФ жұмысшы поселкесінің аумағы). Сақталған биіктігі 4,5 метр шамасында. Кіріс ойығы (1,7х 1,4м) оңтүстікке бағытталған. Үшбұрыш үлгісіндегі кішігірім жарық түсетін ойықтары бар. Мазар ХІХ ғасырдың күмбезді ғимаратының мысалы бола алады, сонымен қатар тарихи құндылық болып табылады.

Дата cоздания: 25 Желтоқсан 2017 15:13
Дата редактирования: 25 Желтоқсан 2017 15:15
Послание Президента РК
Мемлекеттік рәміздер
Дауыс беру
Сайтты ақпаратты тиімділігіне қарай бағалаңыз?
Архив
Валюта бағамы
USD
384.05
EUR
432.79
RUB
5.96
Ауа райы
В Сарани
19°C