Бірінші басшылардың өмірбаяны

Қожықов Мейрам Мұратұлы – Саран қаласы әкімінің орынбасары
 

1972 жылы 7 қарашада Қарағанды облысының Саран қаласында туған.  Білімі жоғары.
  1991 жылы «Пластмасс және резинаны өңдеу зауытын жабдықтау» мамандығы бойынша Қарағанды химия – технологиялық техникумын бітіріп «техник-механик» біліктілігін алды.
2004 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Д.А. Қонаев атындағы университетті бітірді, біліктілігі - заңгер.
2008 жылы «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қалалық шаруашылық» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп, екінші жоғары білім алды. Біліктілігі - инженер.
1992 жылғы қыркүйектен 1994 жылғы қаңтар аралығында «МК-ЛЮКС» ЖШС атқарушы директоры болып істеді.
1999 жылғы қаңтардан 2001 жылғы наурызға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысты.
2001 жылғы наурыздан 2005 жылғы ақпанға дейін - Саран қаласының мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.
2005 жылғы ақпаннан 2005 жылғы маусымға дейін уақытша «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ меңгерушісінің міндетін атқарды,
2005 жылғы маусымнан 2010 жылғы шілдеге дейін Ақтас поселкесінің әкімі.
2010 жылғы шілдеде Саран қаласы әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлк және байланыс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Функционалдық міндеттері:
2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын жүзеге асыру, құрылыс, инфрақұрылым, автомобиль жолдарын жөндеу және қалпына келтіру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын, тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Су шаруашылығы нысандарын салу және жаңарту жоспарларының орындалуын қамтамасыз ету.
Көлік және коммуникацияны жаңғырту және оңтайландыру бөлігінде жұмысты үйлестіру.
Қаланы және Ақтас поселкесін нормативтерге сәйкес қысқы жағдайда жұмыс істеуіне дайындау бойынша жұмысқа басшылық ету.
Қажеттілікке сәйкес қаланы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге жауап береді.
Пайдалы қазбаларды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға басшылық етеді. 
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттарды және апаттық жағдайларды ескерту және жоюды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Қоршаған ортаны қорғау орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшесінің қызметін үйлестіру.
Тиісті департаменттер мен басқармаларда бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша сәйкес кезеңге арналған салалық инвестициялық жобаларды келісуге, сондай-ақ басшылық ететін салаларда бюджеттік қаражатты мақсатты, тиімді және уақтылы игерілуіне жауапкершілік артады.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар: жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттарды және апаттық жағдайларды ескерту және жоюды ұйымдастыру бойынша, «Саран қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Саран қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Саран қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметіне жалпы бақылау жасау.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау.
Сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстауға және оны тұрақты жетілдіруге жауапкершілік артады. 
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: дүйсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін. 



 

Блок Маргарита Евгеньевна – қала әкімінің орынбасары.

1961 жылы 26 мамырда Қарағанды облысының Саран қаласында туған. 
Білімі жоғары. 1983 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі – экономист.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін 1987 жылы Қарағанды резина техникалық зауыдының бақылау -өлшегіш құралдары және автоматика цехының нормалаушы-экономисі болып жұмыс істеді. 
1987 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы наурызға дейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің еңбек және әлеуметтік мәселелері жөніндегі бөлімнің халықты жұмысқа орналастыру жөніндегі Саран бюросының меңгерушісі болды.
1992 жылғы наурызда Саран қалалық әкімшілік басшысының экономика бойынша орынбасары болды.
1994 жылғы қаңтардан 1996 жылғы қыркүйекке дейін «Шахтер» шағын өндірістік құрылыс кәсіпорынының бухгалтері болып жұмыс істеді.
1996 жылғы қыркүйекте - тұрғын үй жәрдемақылары орталығының бас маманы- бухгалтері болып тағайындалды.
1997 жылғы мамырдан 1999 қаңтарға дейін Саран қаласы әкімі аппаратының экономика комитетінің аға маманы болып жұмыс істеді.
1999 жылғы сәуірде Саран қалалық статистика бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 
2002 жылы Саран қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. 
2002 жылғы қаңтарда Саран қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.
2004 жылғы сәуірден өнеркәсіп, кәсіпкерлік, қаржы-экономика блогы, агроөнеркәсіп кешені бойынша Саран қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді.
Функционалдық міндеттері:
1. Экономиканың өнеркәсіп секторын дамыту, кредиторлық қарызды төмендету, агро азық-түлік, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға жауапкершілік артады. 
2. Қала бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың: «Саран қаласының қаржы бөлімі» ММ, «Саран қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Саран қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметіне жалпы бақылау жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалық - инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша қаланың шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Даму институты арқылы инвестициялық бағдарламалар әзірлейді, олардың қаржыландырылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысады, импортты алмастыру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
5. Бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға, қалалық бюджет жобасын әзірлеуге бақылау жүзеге асырады.
6. Бюджеттің, мемлекеттік сатып алулардың орындалуына бақылау жүзеге асырады.
7. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, өнеркәсіп және аймақтық саясатын әзірлеу және жүзеге асырудың әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, шағын қалаларды дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша жұмысты үйлестіреді
8. Бюджеттік ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық және салық тәртібінің деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
9. Таратылған кәсіпорындарды тіркелімнен алу, экономиканың нақты секторы субъектілерінің арасында салық тәртібін арттыру жұмысын қамтамасыз етеді. 
10. Баға және тариф саясатын қалыптастыруға, заңсыз бәсекелестік пен монополиялық қызмет фактілеріне тыйым салуға қатысады. Жетекшілік ететін салаларда инфляцияға қарсы шаралар қабылдайды.
11. Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің, сол сияқты бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысының уақтылы және толық төленуін қамтамасыз етеді.
12. Азық-түлік ресурстарының жинақталуына және ұтымды пайдаланылуына, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысына бақылау жасауды ұйымдастырады.
13. Атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің аграрлық өндірісті тұрақтандыру бойынша жұмысты үйлестіреді.
14. Жетекшілік жасайтын салалар бойынша қаланың басқа аймақтармен, ТМД елдерімен алыс шетелдермен сауда-экономикалық байланысты дамытады.
15. Салық комитеті, қазынашылық, статистика, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
16. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
17. Сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұсталуы және оны тұрақты жетілдіруге жауапкершілік артады.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: сәрсенбі сағат 10-00 сағат 13-00 дейін 


Бородина Елена Ивановна – «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ әкім аппаратының басшысы. 1956 жылы 15 наурызда Белгоград облысының Валуйки қаласында туған. Білімі жоғары. 1978 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша аяқтады. Біліктілігі – тарих және қоғамтану мұғалімі, тарихшы. 2002 жылы екінші жоғары мамандық «Заңтану» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей университетін аяқтады. Біліктілігі - заңгер. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін 1978 жылдың тамыз айынан 1985 жылдың наурыз айына дейін Қарағанды педогоикалық училищесінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1988 жылдың ақпан айынан 1989 жылдың қазан айына дейін № 13957 ә/б кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1990 жылдың ақпан айынан 1991 жылдың қараша айына дейін ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Саран қалалық комитеті партиясының жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1992 жылдың ақпан айынан 1993 жылдың желтоқсан айына дейін іс жүргізу референті, халық депутаттарының Саран қалалық кеңесінің аға референті болды. 1993 жылдың желтоқсан айынан 1999 жылдың сәуір айына дейін ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және құжаттармен басқару бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін Саран қаласы әкімі аппаратының басшысы. 
Функционалдық міндеттері:
1. Қала әкімі аппаратының және жергілікті атқару органдарының тиімді және сапалы жұмыстарына жағдай жасау. Іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.
2. ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесінің жағдайын жұмыс сапасында ұстау.
3. Облыс және қала әкімдіремен берілген тапсырмаларды, облыс және қала әкімімен қабылданған қаулыларды, шешімдерді, өкімдерді, даму бағдарламаларын, Заңдардың, Бұйрықтардың және басқа нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау ұйымдастырады.
4.Бағыныстылардың қызметін бақылау. Құжат айналымын ұйымдастыру.
5. Қалалық мұрағат, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, заң бөлімінің жұмысын үйлестіреді.
6. Белгіленген білiктiлiк талаптарына сәйкес қызметшiлердi конкурстық іріктеудi ұйымдастыруға және өткiзуге қатысады.
7. Қала әкімі аппаратының қалалық басқармалармен, облыстық бағыныстағы аумақтық органдармен қарым қатынасты қамтамасыз етеді
8. Қала әкiмiнiң аппаратын штат кестесіне сәйкес талап етiлетiн кәсiби, бiлiктiлiгi және мамандығы бар мемлекеттік қызметшiлердiң қажеттi санымен уақытында жасақтауды қамтамасыз eтeді.
9. Дербес құрамды пайдалану процесiн талдайды, оңтайландыру, кәсiби шеберлiктi және кадрларды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, олардың іскe асырылуына бақылау жасайды.
10. Қызметтік жағдайын асыра пайдалануды ескерту, сыбайлас жемқолықты жою.
11. Мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік қызметке байланысты шектеулердi сақтауына бақылау жүргiзедi.
12. Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін, қала әкімі аппаратының сенім телефоны бойынша түскен азаматтардың өтініштерінің есебін сақтауды бақылау.
13. Бөлiмдердiң жұмысымен байланысты құжаттарды дайындауды, іс жүргізудің жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
14. Қол астындағы бөлімдердің қызметтеріне байланысты әкімдік қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін ресімдеуге бақылау жүргізеді.«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: сейсенбі сағат 11-00 сағат 13-00 дейін, жұма сағат 14-00 сағат 16-00 дейін

 

 

Дата cоздания: 26 Желтоқсан 2017 11:29
Дата редактирования: 26 Желтоқсан 2017 11:44
Послание Президента РК
Мемлекеттік рәміздер
Дауыс беру
Сайтты ақпаратты тиімділігіне қарай бағалаңыз?
Архив
Валюта бағамы
USD
420.76
EUR
498.60
RUB
5.60
Ауа райы
В Сарани
12°C