Саран қаласы әкімінің өмірбаяны

Темірханов Ержан Оралұлы

1980 жылы Қарағанды қаласында туған.
Екі жоғары білімі бар: заңгер (Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институты) және экономист (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)
Еңбек жолын 1999 жылы кеден органдарынан бастаған. 2005 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде істеген.
2012 жылдан бастап әкімшілік-мемлекеттік қызметтерде - «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бастығы, Қарағанды қаласы әкімінің өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешені, экология мәселелері жөніндегі орынбасары, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2017 жылдың 15 мамырынан бастап Саран қаласының әкімі.
Үйленген, үш баласы бар.
 
Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік органдар, ұйым және азаматтармен өзара әрекеттесуде Саран қаласының мүддесімен шығады. 
Облыс әкіміне тиісті тұлғаларға мемлекеттік наградалар, құрмет және басқа да атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне «Қаланың құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енізеді.
Саран қаласы әкімдігінің қызметіне басшылық етеді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау бойынша шаралар қолданады.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, әлеуметтік – мәдени сала мекемелерін материалдық –техникалық қамтамасыз етуді қолдайды және көмек көрсетеді.
Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын енгізеді.
Қалалық мәслихаттың бекітуіне ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік – кеңес органдарының жеке құрамын ұсынады.
Өз құзыреті шегінде жалпы әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша заңнамалардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 
Келесі тұлғаларды: уәкілетті жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қала әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, қала әкімі аппаратының қызметкерлерін және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларын, сондай-ақ қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
Өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Ақтас кенті әкімінің қызметін, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қалыптастыру үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасауды үйлестіреді.
Ақтас поселкесі әкімінің қызметіне бақылау жүзеге асырады.
 
«Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 101200, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67
Жеке мәселелер бойынша қабылдау күндері: жұма 15.00-ден 18.00-ге дейін
 
Дата cоздания: 26 Желтоқсан 2017 11:29
Дата редактирования: 26 Желтоқсан 2017 11:32
Послание Президента РК
Мемлекеттік рәміздер
Дауыс беру
Сайтты ақпаратты тиімділігіне қарай бағалаңыз?
Архив
Валюта бағамы
USD
420.76
EUR
498.60
RUB
5.60
Ауа райы
В Сарани
12°C